Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциялық саясатты қалыптастыру мақсатында:
1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының жүйелік тəуекелдерін төмендету үшін экономикалық шектеулер болып табылатын макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді белгілейді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) дербес өзі немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде олармен бірлесіп Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды шығарады;
4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
51-3-бап. Соңғы сатыдағы қарыздар
1. Соңғы сатыдағы қарыздар деп өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын бастан кешіріп отырған банктерге Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін қарыздар түсініледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде мынадай жағдайларда ғана әрекет етеді:
1) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына немесе төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылмаған Қазақстан Республикасының резидент-банкі қарыз алушы болып табылады;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ақпараты негізінде, соңғы сатыдағы қарызды алуға өтініш берген банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабын бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға, оның ішінде жеңілдік шарттарында қарыз беру фактілері жоқ;
2) қарыз тізбесін және оларға белгіленетін дисконттарды Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайтын активтердің кепілімен беріледі.
Дисконтты есепке алғанда, кепілге берілетін активтердің құны қарыз бойынша сыйақыны есепке алғанда, оның мөлшерін толық көлемде жабуға тиіс.
3) қарыз ұлттық валютада беріледі;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертiлдi (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген қосымша пайыздық сыйақы есепке алына отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді;
5) қарыз мерзімін үш реттен асырмай ұзарту мүмкіндігі беріле отырып, күнтізбелік он төрт күннен тоқсан күнге дейінгі мерзімге беріледі. Барлық ұзарту мерзімдерін есептегенде қарызды пайдаланудың жалпы мерзімі бір жылдан аса алмайды. Соңғы сатыдағы қарыздың мерзімін ұзарту осы бапта көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді өзі орындағанға дейін:
1) инвестицияларды жүзеге асыруға, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қарыздар беруге;
2) банк акционерлеріне дивидендтерді есепке жазуға жəне төлеуге;
3) банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар мен бонустарды есепке жазуға құқылы емес.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстанның Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарына соңғы сатыдағы қарыздарды беруге құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Ұлттық Банкінің кепілге салынған активтерді өз меншігіне айналдыруы және (немесе) банктің оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған үшінші тұлғаға өткізуі арқылы соттан тыс тәртіппен жүргізіледі.
Соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге құқықты (талап етуді) басқаға беру:
1) банк акционерлерінің, борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады;
2) банк банктің борышкерлерімен, сондай-ақ өзге тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттарға шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Соңғы сатыдағы қарыздарды беру және өтеу, сондай-ақ соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге өндіріп алуды қолдану тәртібін, шарттарын Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-2-тараумен толықтырылды
8-2-тарау. ЕРЕКШЕ РЕТТЕУ РЕЖИМІ
51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын оңтайлы реттеуді, бақылауды және қадағалауды қалыптастыруға, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ерекше реттеу режимі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда көрсетілетін төлем қызметінің түрлері және (немесе) цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызмет, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетудің (жүзеге асырудың) арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің цифрлық активтеріне жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін ол өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
51-5-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Цифрлық активтерге жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2), 3) жəне 5) тармақшаларында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер жəне (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан əрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты Қазақстанның Ұлттық Банкі бекітеді.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын шарт қамтылуға тиіс.
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасауға арналған құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
4. Мәлімделген қызмет түрі - ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына, ерекше реттеу режимінің қатысушыларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысына ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне не оның күшінің жойылуына байланысты оның қолданысы тоқтатылған кезде;
2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабарлама берілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің ескертулерін жояды.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соған қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
9 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 52-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді
52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банк шоттарының иелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 52-1-бап өзгертілді
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) қарыздар алуға құқығы бар ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен осындай қарыздарды береді;
2) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тəртіппен туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында шоттар ашады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындаған тәртіппен қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерге, оның ішінде өздерінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттер орналастырады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
53-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықпен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкінің:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
- Қазақстан Ұлттық Банкі операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелеріндегі төлемдер мен ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету үшін ақшаны пайдаланған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілмеген қарыздар, сондай-ақ бір жылдан асатын мерзімге қарыздар беруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, берілген қарыздардың мерзімін ұзартуға немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беруге құқығы жоқ.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен Х Тараудың атауы өзгертiлдi
10 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық
қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
55-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Президентінің 02.08.95 ж. № 2396 Заң күшi бар жарлығымен; 03.07.96 ж. № 18-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертiлдi; 2009.04.07 № 167-ІV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
Қазақстанның Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау органы ретінде:
1) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды лицензиялау тәртібін айқындайды және осындай заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) айырбастау пункттерін ашу және қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін қоса алғанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарға есептік нөмірлер беру, жүргізілген валюталық операциялар жəне Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары туралы мəліметтерді ұсыну жəне валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат беру тəртібін қоса алғанда, валюталық операцияларды мониторингтеу жəне валюталық операциялар мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі, халықаралық қаржы ұйымдарындағы шоттары бойынша ақпарат беру тəртібін айқындайды;
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) уəкілетті банктердің Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері жəне есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат беру тəртібін айқындайды;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, ақпарат беру тəртібін, сондай-ақ шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) жүзеге асырған кезде есептерді ұсыну талап етілетін қызмет түрлерін айқындайды;